Айта кетейік, Tiffany & Co. Компаниясы жасап шығарған 18 караттық алтын қалта сағаты Титаникте жолаушыларды құтқарған капитан Артур Генри Ростронға сыйға тартылған. Ол аукционда 1,8 миллион долларға сатылып, бұрынғы сатылған «ең қымбат Титаник ескерткіштерінің» рекордын жаңартты.
Бұл сағатты капитанға кеме апатынан қаза тапқан үш ауқатты кәсіпкердің жесірлері алғыс ретінде сыйлаған.
– Капитан Ростронға «Титаниктің» үш жолаушысынан шынайы алғыс және құрметпен, 1912 жылы 15 сәуір – миссис Джон Тэйер, миссис Джон Джейкоб Астор және миссис Джордж Уайденер, – деп жазылған сыйлықта.
Астор ханымның күйеуінің аты – Джон Джейкоб Астор IV, ол Титаниктің ең бай жолаушысы ретінде танымал болған. Кеме апаты кезінде жүкті әйелін құтқару қайығына отырғызып, өзі қаза тапты.
Айта кетейік, «Титаниктің» теңіз түбіне баяу батып бара жатқан бірегей фотосуреттері жасалды.