«Титаникті» жасап шығарған кеме жасау компаниясы қонақүйге айналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Титаниктің жобасын жасаған Harland and Wolff кеме жасау компаниясының ғимаратын қайта жаңартуға 6,6 млн еуро субсидия бөлінді. Енді Белфастта орналасқан ғимарат 84 нөмірлі қонақүйге айналады, деп хабарлады Росбалт.Ғимарат 1989 жылдан бері бос тұр. Heritage Lottery Fund ұлттық мұра қоры 100-ден астам жұмыс орнын құратын ғимаратты жөндеуге грант бөлді, деп хабарлады BBC.

Қор өкілдері қоғамдық пайдалану орны ретінде екі құрастыру бюросын дамытуды қолға алмақ. Бұдан басқа жаңа дүңгіршек-отель Белфаст индустриалдық мұрасының тарихын паш етпек. Қор жоспарына сәйкес Белфастың ең тарихи ғимараттары басты туристік көрікті жерлерге айналмақ.