Бұл 2004 жылдан бергі алғашқы осындай жоба болады. «Титаник» апат болған жерге соңғы алты жылда екі экспедиция ұйымдастырылды, бірақ олардың мақсаты - кеме сынықтарын су бетіне көтеру болған жоқ.
Саутгемптон - Нью-Йорк бағыты бойынша өзінің алғашқы және соңғы сапарына «Титаник» 1912 жылы сәуірдің 10-ында шықты. Сәуірдің 15-іне қараған түні ол Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде мұзтаумен соғысып, суға батып кетті. Кеменің бортында 2208 адам болған, олардың 704-і ғана аман қалды.