Титул үшін болған ауыр айқас - Мэнни Пакьяо австралиялық Джефф Хорннан жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін болған жекпе-жекте австралиялық Джефф Хорннен жеңіліп қалды.

Үш төреші де жеңісті 29 жастағы Хорнға берді. Төрешілер есебі: 117-111, 115-113,  115-113.

Алғашқыда Мэнни Пакьяо басым түскенімен тоғызыншы раундтан кейін Хорн жағдайды түзеп, жеңіске жетті.

Айқас Австралияның Брисбен қаласында өтті. Бұл әйгілі филиппин боксшысының спорттық мансабындағы жетінші рет сүрінуі, ал әзірге ешкім жеңіп көрмеген австралиялық боксшының 17-інші жеңісі.