ТҚКС-та болған өртте ер адам көз жұмды
09:57, 18 Наурыз 2013
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 1.00-де Петропавл қаласында «АТЦ» ЖШС-нің ТҚКС-та 30 шаршы метр аумақта өрт болды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нан.
Жалын толығымен үш сағаттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ СҚО бойынша ТЖД 16 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды.