Оның атап өтуінше,ТКШ-ны терможаңғырту бағдарламасы 2011 жылдан бастап жүзеге асырылып, осы уақыттың аралығында шамамен 1270 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Бұл бағдарлама ТМД елдері арасында алғаш рет енгізілді. Біз ілкі режімде екі тетікті іске қостық. 2 жылдың ішінде осы екі тетіктің, атап айтқанда біріншісі ӘКК арқылы, екіншісі әкімдіктердің жанынан ұйымдастырылған ЖШС арқылы, екінші нұсқасы үздік екендігін түсіндік. Біз бағдарламаға өзгерту енгіземіз және ендігі уақытта ол тек 1 тетікпен жүзеге асырылатын болады», - деді С.Нокин.