«ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасы аясында 2011-2012 жылдары көп пәтерлі үйлерді жөндеу екі тетік бойынша жүргізіліп жатқандығына тоқталған ол, біріншісі бойынша кондоминимум нысаны ретінде жөндеуге 394 үй тіркелгенін жеткізді. Биылдың қаңтар-мусымында жөндеу жұмыстары 350 үйде аяқталып, 43-інде жұмыстар жалғасуда.
Екінші тетік бойынша 929 үйге жөндеу жүргізу жоспарланған биылғы қаңтар-маусымда 906 үйде жөндеу шаралары аяқталды, ал 23 үйде бұл жұмыстар жалғасуда.