ТКШ-ты жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығында басқарма төрағасы ауысты

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Құрылыс істері және ТКШ жөніндегі агенттік төрағасының бұйрығымен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып Төлеутай Рахымбеков тағайындалды.

Аталмыш мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, Төлеутай Рахымбековтың бизнес пен мемлекеттік қызметті басқару жұмысында үлкен тәжірибесі бар. Соңғы жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі департаментінің директоры, «ҚазАгроИнновация» АҚ президенті, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болып қызмет атқарған. Ол «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың Қазақстан орталығы» АҚ-ның негізі қаланған 2009 жылдан алғашқы басқарма төрағасы болған. Осы уақытқа дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың Қазақстан орталығы» АҚ басқарма төрағасы болған Әлихан Бижанов өз еркімен жұмыстан босатылды.