ТҚШ жаңғырту аясында Астанада 43 тұрғын күрделі жөндеуден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту аясында Астанада 43 тұрғын күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақтарды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері Астанада 43 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. 14 үйде 26 лифт алмастырылды. Қайтқан қаражатқа 5 үйдің шатыры жаңартылып, 17 тұрғын үйде 31 лифт ауыстырылды», - деді Қ. Айтмұхаметов.

Оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта қайтарылған қаражатты қайта игеру бойынша Астана басқа өңірлерден озық келеді.