ТКШ жемқорлық жайлаған салалардың бірі болып қалуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшелері тұрғын үй-коммуналдық бағыты жемқорлық жайлаған салалардың бірі екенін атап өтті.

«Ахуалды түзету бойынша «Нұр Отан» партиясы филиалдарының тыңғылықты назары мен орталық және жергілікті мемелекеттік органдардың атқарған ауқымды шараларына қарамастан, біздің сарапшылық топтың жергілікті жерлердегі жағдайды зерттеу мен талдауы ТКШ жемқорлық жайлаған салалардың бірі екенін көрсетті», - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Оның айтуынша, өткен жылы 2012 жылмен салыстырғанда жемқорлық құқық бұзушылығының 44 пайызға өсімі, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 2,4 пайызға артуы тіркелді. Жалпы 2013 жылы ТКШ бөлімдерінің 28 басшысы жауапкершілікке тартылды.

«2013 жылы заңды күшіне енген үкімдер бойынша жемқорлық қылмыстарын жасаған әкімдіктердің ТКШ бөлімдері басшылары мен қызметкерлері, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің қызметкерлері арасынан жалпы 20 адам сотталды. Пара алу, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану тұрғысында жазаға кезілгендердің саны артты», - деді депутат.