АҚТАУ. KAZINFORM — ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Тілеген Ақанұлы Әбішев 1977 жылы туған, білімі жоғары, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне түсіп, «Тележурналистика» мамандығын, 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «заңгер» мамандығын иеленген. «Іскерлік басқару» магистрі.
Әр жылдары «Астана», «Хабар 24», «Atameken Business Channel» телеарналарында еңбек еткен.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «Н. Назарбаев әуежайы» АҚ баспасөз қызметтерін басқарған.
2020 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені құрылымдарында еңбек етіп келді.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін «ҚР Президенті телерадиокешені» ШЖҚ РМК директорының орынбасары қызметін атқарды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.