Президент Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM –  Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды.