ТМД аруы: Астанаға он елден 19 қатысушы келді
Шараны ұйымдастырушылардің берген мәліметтеріне сүйенсек, байқау өткізіліп келе жатқан уақыт ішінде (22 жылда) алғаш рет Астанада ұйымдастырылуда және ол елорданың 20 жылдығына орайластырылған.
Байқаудың мақсаты - қатысушы елдер арасында туризм мен мәдениетті дамыту.
Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті.
Нақтырақ айтқанда, байқауға қатысушылар «Нұрлы жүрек» психоневролоиялық диспансерде, Бурабай курорттық аймағында болып үлгерді. Алдағы күндері «Астана-Арена» стадионындағы жолдастық матчқа, Армения елшілігнде ұйымдастырылдатын қабылдау кешке қатысады. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы «ТМД аруы» байқауы Армения астанасы Ереванда өтті. Ал 27 шілде сағат 19.00-де «Казмедиа орталығы» киноконцерт залының сахнасында байқаудың ақтық мәресі өтеді.
Байқауға қатысушылар үшін өткізіліп отырған шара - әлемге әйгілі модельдік агенттіктермен, өндірістік орталықтар мен режиссерлермен ынтымақтастық орнату үшін үлкен мүмкіндік.
Айта кетсек, «Мисс ТМД» байқауы 1996 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. «ТМД аруы-2018» байқауы «ТМД аруы» Халықаралық байқауының бас директоры және негізін қалаушысы Наири Мнацаканян мен «Velada халықаралық модель агенттігінің тікелей қолдауымен өткізіліп отыр.