Атқарушы комитет төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гаркунның айтуынша, Беларус Республикасындағы президенттік сайлаудың барысы объективті бақыланатын болады және миссия мүшелерінің шешімдері тек өз байқауларына және елдің заңнамасына негізделмек. «Байқаушылар бейтараптылық танытуы, сайлау барысына және мемлекеттің ішкі істеріне араласпаулары керек»,- деп атап көрсетті ол.
В.Гаркун сондай-ақ, ТМД Атқарушы комитеті президенттік сайлаудың барысын бақылауға қатысу туралы шақыруды Беларус Республикасының Сыртқы істер министрлігінен қыркүйектің 16-сында алғанын жеткізді.