ТМД Атқарушы комитетінің ғимараты бейнеленген пошта маркасы шығарылды
08:45, 19 Ақпан 2009
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД Атқарушы комитетінің ғимараты бейнеленген пошта маркасы шығарылды.
ҚазАқпарат тілшісіне Атқарушы комитеттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, марканы Беларус Республикасының Байланыс және ақпараттандыру министрлігі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен оның бас атқарушы органының жұмысы туралы халыққа кеңінен таныстыру, елдің және Достастықтың елордасы ретіндегі Минск қаласының беделін нығайту мақсатында шығарып отыр. Маркада бейнеленген ТМД штаб-пәтерінің ғимараты ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында салынған сәулет ескерткіші болып табылады.