Өзінің құттықтау сөзінде ТМД штаб-пәтерінің басшысы форумға қатысушыларға сәлемдесе отырып, бүгінгі таңда еуразиялық кеңістікте бүкіл әлем үшін өте үлкен маңызға ие жағдайлар қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.
«Биыл ТМД-ға 20 жыл толады. Он бір мемлекет мүше болып отырған біздің ұйымда бұқаралық ақпарат құралдарының өзара іс-қимылын нығайтуға ерекше назар бөлінеді. ТМД Атқарушы комитеті Достастыққа мүше елдердің ортақ ақпараттық кеңістігін дамыту мен аяғынан тік тұрудағы БАҚ рөлін мойындай келе, осы салаға жан-жақты қолдау танытады», - деп атап өткен С.Лебедев.