Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм 2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабадта жасалған. Келісім ТМД-ға қатысушы елдердiң интеграцияланған валюта нарығында шетел валюталарымен конверсиялық операциялар жасауға тараптардың резидент-банктерiнiң тең құқылы және өзара тиiмдi қатысуы үшiн жағдайлар жасауды көздейді. Осыған орай, тараптардың әрқайсысы басқа тараптың резидент-банктерiне ұсынылғаннан қолайлылығы кем емес жағдайларда банкаралық конверсиялық операцияларды жүргiзу үшiн өзiнiң ұлттық валюта нарығына кiруiн қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, банкаралық конверсиялық операцияларды жасаған кезде тең бәсекелестiк жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құзыреттi органдардың келiсiмдi iске асыру жөнiндегi iс-қимылдарын үйлестiру ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң валюта-қаржы саласында өзара iс-қимыл жасауын жүзеге асыратын Ұйымның органына жүктеледi. Мәжіліс мақұлданған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.
14:30, 25 Ақпан 2015
ТМД аясында интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастырудағы ынтымақтастық келісімі мақұлданды - Мәжіліс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.