ТМД аясында өнеркәсіптік өндірістің өсуі бойынша Өзбекстан көшбасшы

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Қарашаның  5-і.  ҚазАқпарат /Елена Мягкова/-   2009 жылдың    қаңтар-қыркүйек    аралығының  қорытындысы  бойынша   Достастық елдерінің  арасында    өнеркәсіптік    өндірістің  ең  үлкен өсуі  Өзбекстанда    және    Әзірбайжанда тіркеліп  отыр.

 Аталған   республикалардың көрсеткіштері, сәйкесінше,   9,1 және 5 пайызды құрады. ҚазАқпарат  тілшісіне  бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер   Достастығының Мемлекетаралық   статистикалық комитетінен   хабарлады.

Есесіне,    өнеркәсіптік өндірістегі ең  үлкен  құлдырау - 28,4  пайыздық  -  Украинада   және   24,3   пайыздық көрсеткіш  -  Молдовада  тіркеліп  отыр.      Ресей    өнеркәсіптік  құлдырау   қарқыны  бойынша  13,5 пайыз көрсеткішпен    үшінші  орында тұр.

Өнеркәсіптік  өндіріс Қырғызстанда -11,5   пайызға,  Арменияда  - 11,4  пайызға,   Тәжікстанда  -10 пайызға, Беларус Республикасында - 4,5 пайызға, Қазақстанда - 1 пайызға  қысқарып  отыр.

2009 жылдың  қаңтар-қыркүйек айларында ТМД елдері  бойынша      өнеркәсіптік   өндіріс  көлемі,    былтырғы жылдың сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда,  14 пайызға  қысқарған.  Түркіменстан  бойынша   өнеркәсіптік  өндірістің  динамикасы  туралы мәлімет жоқ.  

Ал   жалпы   ішкі  өнім, былтырғы жылдың сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда,  9 пайызға    қысқарып отыр.