ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев: Күн тәртібінде 13 мәселе мен 17 жобалық құжат бар
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібінде 13 мәселе мен 17 жобалық құжат қаралады. Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Бас хатшысы Сергей Лебедев мәлімдеді.
Оның айтуынша, кеңеске қатысушылар мақұлдаған жағдайда аталған құжаттың алтауы Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына жіберіледі.
Атап айтқанда, 13-ші мәселе – Жеңіске үлес қосқан қалаларға «Еңбек даңқы қаласы» атағын беруді 9 мамырға дейін рәсімдеу үшін оны жұмыс тәртібімен мемлекет басшыларына қол қоюға жолдау ұсынылады.
Сондай-ақ Сергей Лебедев бір күн бұрын үкіметтің ішкі рәсімдері аяқталмағандықтан, үш мәселе күн тәртібінен шығарылғанын атап өтті.
Дегенмен, олармен жұмыс жалғасуда және олар Достастықтың күн тәртібінде қалады, бірақ кейінге шегеріледі.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта тағы бес құжатты қарауға жіберу жоспарда.
— Бүгін қаралып жатқан құжаттарға қатысты барлық ұсыныс пен ескертулер кешегі отырыста қатысушы мемлекеттердің өкілдерімен алдын ала келісілді. Осылайша, барлық құжаттар сараптамадан өтіп, мақұлданды және қарауға дайын, — деп атап өтті Лебедев.
Айта кетейік, Алматыда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі өтіп жатыр.