ТМД Бас хатшысы үш жылдық мерзімге қайта сайланды
АСТАНА.KAZINFORM - ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД мемлекет басшыларының шешімімен бұл қызметке тағы үш жылдық мерзімге тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
- Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен тағы үш жылдық мерзімге Достастықтың бас хатшысы болып тағайындалдым, - деді Сергей Лебедев Душанбеде өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.
Ол мемлекет басшыларына жоғары сенімі үшін алғыс айтып, ТМД елдері мен халықтары арасындағы достық және тату көршілік қарым-қатынастарды сақтау және нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уәде берді.
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында ТМД-ның әлемдік аренадағы беделін нығайтудың маңыздылығын атап өткен болатын.