ТМД байқаушыларының миссиясы Өзбекстандағы парламенттік сайлауды ашық өтті деп таныды

None
ТАШКЕНТ.  Желтоқсанның  28-і.  ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ -   ТМД    байқаушыларының миссиясы    Өзбекстандағы парламенттік сайлауды ашық және  еркін   өтті  деп  таныды.  Бұл туралы дүйсенбі,  желтоқсанның  28-і күні    баспасөз мәслихатында    миссия   жетекшісі Сергей  Лебедев мәлім етті.

«Миссия,   желтоқсанның   27-сінде  Олий Мажлистің  заң  шығарушы   палатасына  өткен  сайлауды      республикада демократиялық сайлау  өткізудің    заңнамалық және     жалпыға  ортақ   нормаларына  ие   Өзбекстан Республикасы  Конституциясына сәйкес  өтті,  деп  санайды.  Достастық  миссиясы    сондай-ақ,   сайлаудың     азаматтық қоғамның  саяси  саналығын көрсетіп,   сайлаушылардың    өз еріктерін  ашық білдіруін  қамтамасыз  еткенін,    елдегі мемлекеттік  егемендік пен   демократиялық  қағидалардың   негізін   нығайта түскенін  атап көрсетті»,-   деді   С.Лебедев. 

Миссия басшысының айтуынша,   байқаушылардың  жұмысына   барлық жағдай  жасалды,  атап айтқанда  сайлау округтері мен  учаскелерінің басшыларымен,    сайлауға қатысушы партиялардың   өкілдерімен кездесулер      ұйымдастырылды.  Достастық  байқаушыларының атынан  қатысқан   байқаушылар  миссиясының  мәлімдемесіне   Әзірбайжан, Беларус,   Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,  Түрікменстан елдерінің  өкілдері  қол қойды.