Сондай-ақ, жатыр мойны обырының алдын алу үшін екпе туралы сенімді ақпаратты қоғамға жеткізу мақсатында ертең сағат 12:00-де «Жатыр мойны обырына әкелетін адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы иммунизция бағдарламасын ұйымдастыру және жүзеге асыру тәжірибесі» атты баспасөз мәслихатын өткізуге ат салысуға шақырап отыр.
Баспасөз мәслихатына жатыр мойны обырына әкелетін адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы екпе жасау бойынша бағдарламаны жүргізуге қатысатын мамандар шақырылған. Олар қоғамды толғандырып отырған барлық сұрақтарға дәлелді медицина көзқарасы тұрғысынан сенімді, салмақты жауап бермек.
Адам папиломы вирусына қарсы егу жасау - әркімнің өз еркі. Бұл егу адамның папилома вирусынан өмір бойы қорғайды. Әйелдерде жиі тараған қатерлі ісіктер арасында жатыр мойнының қатерлі ісігі әлемде екінші орын алып отыр. Осы онкологиялық аурудың пайда болуына себеп адамның папилома вирусы болып табылады. АПВ адам ағзасына жыныстық жолмен кіреді, 16-20 жастағы кезде көп тарайтын кезі, сондықтан Қазақстанда қыздарды жыныстық жетілуге дейін егу шешілді. АПВ жұқпасы спонтанды емделеді, бірақ созылмалы түрде болған жағдайда ол жатыр мойнының қатерлі ісігі жағдайына әкелуі мүмкін. Вирус жатыр мойнының сілемей жасушаларына кіріп, онда зиян келтірмей, бірнеше жылдар болуы мүмкін. Содан кейін вирус жасушаларды бұзуын бастайды.
Жатыр мойнының обыры (ЖМО) туралы ақпарат алуды жоғарылату аптасы - бұл жатыр мойны обырына қарсы Еуропалық ассоциациясының (ЕССА) бастауы бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде 8 (сегізінші) жыл өтіп жатқан халықаралық акция. Тұрғындарды жатыр мойны обырының себептері мен алдын алу іс-шаралары туралы уақытылы ақпараттандыру, әйелдердің скринингтік бақылауларға қатысуы және адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау әлемдегі миллиондаған әйелдерді осы аурудан құтқаруға мүмкіндік береді.
Біздің мемлекетімізде әйелдер арасында осы патологиямен ауыру, сүт безі обырынан кейін 2-орынды алады. Жатыр мойны обырының қатерлі ісігінен күн сайын екі қазақстандық әйел көз жұмуда. Жатыр мойны обырынан болатын өлім-жітімнің негізгі себебі - бұл аурудың кеш дигностикасы болып табылады. Аурудың ерте сатыда анықталуы 100%-дық емделу мүмкіндігіне әкеледі. Міне, сондықтан да өз бетімен немесе мемлекеттік скрининг шеңберінде профилактикалық бақылаулар өте маңызды болып саналады.