ТМД-да Есірткі айналымына бақылау органдары басшыларының кеңесі құрылады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер Есірткі құралдарының, психотропты заттардың және олардың прекурсорларының айналымына бақылау органдары басшыларының кеңесін құруды жоспарлап отыр.

Минскідегі ТМД Атқару комитетінде тиісті сараптама топтарының отырысында осындай шешім қабылданды. Отырысқа Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Ішкі істер министрлері кеңесінің, Қауіпсіздік органдары мен арнайы қызмет басшыларының, Шекара әскерлері қолбасшылығы кеңесінің және Достастық Атқару комитетінің өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.Кеңес есірткінің заңсыз айналымын реттеу және үйлестіру іс-шараларын өткізуге, мамандарды даярлау мен біліктіліктерін арттыруға, жай-күйіне, құрылымына, қозғалысына және осындай қылмыстардың салдарларына талдау жасауға, осы саладағы халықаралық шарттар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге, Достастық елдерінің ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететін болады.Сарапшылар Есірткі құралдарының, психотропты заттардың және олардың прекурсорларының айналымына бақылау органдары басшыларының кеңесін құру туралы келісімнің жобасын даярлады, ол одан әрі пысықтау үшін Достастық мемлекеттеріне жіберілетін болады. Оған сараптамалық талдауды Минскіде 2009 жылғы маусымда өткізу көзделген.