ТМД-дағы еркін сауда аймағы туралы келісім осы жылдың аяғына дейін бекітілуі мүмкін

None
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД-дағы еркін сауда аймағы туралы келісім осы жылдың аяғына дейін бекітілуі мүмкін.

Бұл туралы Достастықтың Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті, деп ҚазАқпарат тілшісіне ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

С.Лебедев атап өткендей, бұл бұрынғы КСРО мемлекеттерінің аумағында еркін сауда аймағын жасауға мүмкіндік беретін маңызды қадам. «ТМД аумағында еркін сауда аймағын құру - мемлекеттер аумағына кедергісіз тауар енгізетін маңызды қадам», - деді ол.

Лебедев қарашаның 19-ы күні Санкт-Петерборда өтетін Үкімет басшылары кеңесінде ТМД елдерінің 2020 жылға дейінгі Инновациялық ынтымақтастығы бағдарламасы ұсынылатындығын атап өтті.

Бұл құжаттың алдын ала жобасы қыркүйектің 17-сі күні Достастықтың Экономикалық кеңесінде қаралатын болады.