ТМД елдері басшылары Ялтада еркін сауда аймағы келісімі жобасын талқыға салады

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық кеңесінің 49-шы отырысы жұма күні Ялтада өткізіледі.

Отырыстың күн тәртібінде - Ресейдің Экономика министрлігі дайындап шығарған бұрынғы кеңестік кеңістіктегі еркін сауда аймағы туралы келісім жобасы, деп хабарлады «Азаттық» радиосына сілтеме жасаған Росбалт.

Егер тараптар осы келісімді қабылдайтын болса, ол ТМД үкімет басшылары кеңесіне қарауға жіберіледі.

Сонымен қатар отырыс барысында ТМД елдерінің Экономика министрлері Инновациялық дамудың мемлекетаралық бағдарламасын да талқыламақ.