ТМД елдері бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсімінің қарқыны төмендеді

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - ТМД Статкомитетінің деректері бойынша 2013 жылғы қаңтар-наурызда 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Достастық елдері бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсімінің қарқыны төмендеді.

«Орташа алғанда бағалау бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 0,2% төмендеді (2012 жылғы қаңтар-наурызда 3,6% артқан), негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3% артты (2012 жылғы қаңтар-наурызда - 14,3%), жүк тасымалдау көлемі 1,9% артты (9,7%), бөлшек сауда айналымы - 5,9% өсті (8,7%)»,-делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.