12:59, 13 Сәуір 2009
ТМД елдері институты Ыстықкөлде халықаралық конференция өткізеді
БІШКЕК. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - ТМД елдері институтының аймақтық филиалы (Ресей) Александр Князевтің Қоғамдық қорымен бірлесе отырып,
Ыстықкөлде «Шанхай ынтымақтастығы ұйымы - Орталық Азиядағы ықпалдастық факторы ретінде: байқаушы елдер мен көрші елдердің әлеуеттері» деген тақырыпта халықаралық конференция өткізгелі отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, конференция бағдарламасында Шанхай ынтымақтастығы ұйымын дамытудың негізгі бағыттары қамтылып, Орталық Еуразияның геосаяси мәселесін және ықпалдастық пен ынтымақтастық жобаларын талқылауға ерекше назар аударылатын болады. Сондай-ақ энергетикалық, коммуникациялық және инвестициялық мүмкіндіктерді қамтитын экономикалық өсу факторы ретіндегі ШЫҰ құрылымы да талқыланады.