ТМД елдері ойындары: әйелдер күресінен жарысқа қатысатын қазақстандық балуандар анықталды

Фото: Фото: prosports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьте өтіп жатқан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ойындары аясында әйелдер күресінен сынға түсетін балуандар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бәсеке 13 тамызда Солигорск қаласында өткізіледі. Онда еліміздің атынан Камила Апекова (50 келі), Мәдина Жеңісқызы (53 келі), Айнұр Әшімова (55 келі), Асылзат Сағымбай (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Жангүл Болат (62 келі), Жұлдыз Такисбай (65 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі), Ақмарал Азанқызы (72 келі) мен Анастасия Панасович (76 келі) бақ сынайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық дзюдошы Қанат Нұркелді Беларусьта өтіп жатқан ТМД елдері ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ол финалда ресейлік қарсыласына есе жіберді. Одан бұрын ресейлік және өзбекстандық қарсыластарынан басым түсті.