ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтар-наурызда ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі статистика комитетіне сілтеме жасап.

ТМД Статкомитетінің деректері бойынша достастық елдерінде 2020 жылғы қаңтар-наурызда 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 пайызға артты.

2019 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,6 пайыз болған еді.

Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2020 жылғы наурызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,6 пайызға өсіп, өнеркәсіп тауарын өндірушілер бағасы 1,8 пайызға төмендеді.