Сондай-ақ, Мәскеу, Киев, Кишинев, Ереван қалаларындағы телекөпірге қатысушы өкілдер де туризм саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Биылғы жыл ТМД елдері арасында туризм жылы деп жарияланғандықтан атқарылуға тиісті шаруалар өте көп. Желі арқылы байланыс барысында оған қатысушы төрт елдегі қазіргі көкейкесті мәселелер мен алда атқарылатын істерді ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен бірге бұрынғы посткеңестік мемлекеттердегі туризмге қолайлы деп саналатын қалалар мен демалыс орындарын тиімді пайдалану жайы айтылды.
16:00, 12 Ақпан 2014
ТМД елдерінде туризм инфрақұрылымы дамымай отыр - РФ Туризм жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД елдерінде туризм инфрақұрылымының дамуы кенжелеп отыр. Туристерді тіпті көлікпен, аудармашымен қамтамасыз етудің өзі де кемшін, -деді Ресейдің Туризм жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Александр Радьков тап қазіргі уақытта өтіп жатқан «РИА Новости» агенттігінің халықаралық баспасөз орталығындағы телекөпір кезінде.