НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сарапшылар ТМД елдеріндегі ең танымал курорттардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТурСтат сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандағы Бурабай, Қырғызстандағы Ыстық көл, Беларусьтегі Нарочь көлі, Бакудегі Каспий теңізі жағалауындағы Апшерон курорттары (Әзербайжан) және Армениядағы Севан көлдері танымалдығы бойынша алғашқы бестікке енген.
Ыстық көл мен Бурабайда демалу арзанырақ болса, Әзербайжан курорттарында ең қымбат деп бағаланды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.