Бұл туралы ТМД Атқарушы комитеті-Атқарушы хатшылығы төрағасының бірінші орынбасары Владимир Гаркунға сілтеме жасай отырып, ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ағымдағы жылдың соңына дейін Келісім жобасы негізінде келісіліп, 2011 жылдың бірінші жартысында құжат қабылданады деп үміттенеміз», - деді В. Гаркун.
Айта кетейік, қазір пайдаланылып жүрген құжат 1994 жылы қабылданған болатын. Содан бері оған 20-дан астам түзетулер енгізілді. Достастыққа мүше бір елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы мен кейбір елдердің аталмыш ұйымға қосылу ниеттерінің болуымен және Кеден одағының ққұрылуымен мемлекетаралық сауда қарым-қатынасы құқықтық базасын жетілдіру қажеттігі туындады.