«Бұл жобаның ауқымында Түркістан қалашығындағы ежелгі ортағаcырлық жерлеу орындары зерттелмек. Сондай-ақ жоба қатысушылары Оңтүстік Қазақстанның маңызды ескерткіштерімен және оларды зерттеу нәтижелерімен танысады. Бұлар - Күлтөбе қоныс орны, Сидақ, Сауран, Жуантөбе, Отырар қалаларының орындары, Бөріжары қорымы, Сайрам мен Арыстан-баб діни орындарының сәулеті», - деді Б.Байтанаев.
Ол сондай-ақ әртүрлі елдер тарихшыларының мұндай бірлескен жұмысы Қазақстанда алғаш рет - ТМД тарихи-мәдени мұралары жылында өткізіліп отырғанын атап өтті.
Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың пікірінше, бұл жұмыстардың нәтиесінде ТМД мүше-елдерінің гуманитарлық ынтымақтастығы одан әрі жалғаспақ.