ТМД елдерінің арасында өнеркәсіптік өндірісі ең аз төмендеген ел - Қазақстан

None
САНКТ-ПЕТЕРБОР.   Желтоқсанның  3-і.   ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -   ТМД елдерінің  арасында   өнеркәсіптік  өндірісі  ең  аз төмендеген  ел - Қазақстан болып отыр, оның көрсеткіші  0,2  пайыз ғана.    Бұл туралы  ТМД  Мемлекетаралық   статистикалық комитетінен  хабарлады. 

 2009 жылдың  қаңтар-қазан  айындағы   көрсеткіштерді қамтыған  бұл  статистика  бойынша,    өнеркәсіптік  өндірістің  ең  қатты  құлдырауы Украинада тіркелген,      ондағы көрсеткіш  26,4 пайызды  құрап  отыр.   Ал Молдовада бұл  көрсеткіш - 24,1,  ал Қырғызстанда -13,9   пайыз.   Ресейдің  көрсеткіші  13,3   пайыз шамасында.

 Өткен10 айдың  қорытындысы    бойынша  Арменияда  өнеркәсіптік  өндіріс  -  11,4 пайызға, Тәжікстанда - 8,6 пайызға, Беларус Республикасында  4,5 пайызға  төмендеген.   Ал   Әзірбайжанда өнеркәсіптік  өндіріс   7,4   пайызға   өскен.  Қаңтар-қыркүйек  айларында   Өзбекстанның көрсеткіші 9,1 пайызды   құраған (қаңтар-қазан  айларының мәліметтері  әзірге жоқ).  

 Қаңтар-қазан  айларындағы   жалпы  ішкі өнімдері есептелген        ТМД елдерінің арасында  Әзірбайжан  ең  жоғары  көрсеткіш - 8,3 пайызға қол жеткізіп отыр.    Қырғызстанда  қаңтар-қазан  айларында жалпы ішкі өнім - 3,2 пайызға,  Тәжікстанда 2,9 пайызға   өскен.  Ал Арменияда осы аралықта  жалпы ішкі өнім - 17,5 пайызға, Ресейде - 9,6 пайызға, Беларус  елінде  1,0 пайызға төмендеп  отыр.