Оңтүстік өңіріне арнайы келген қонақтар қатарында Ресей, Армения, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің әскерилері бар. Олар оңтүстіктегі әріптестерімен тәжірибе бөлісіп, пікір алмасты. Шетелдік әскер қызметшілері облыстың қорғаныс күштерінің жетістігін жоғары бағалап, өңірдің мұражайлары мен тарихи орындарын тамашалады.
Айта кетейік, ТМД елдеріне қарасты әскерилердің жыл сайынғы кездесуі дәстүрге айналған. Өткен жылы осындай басқосу Қырғызстан мемлекетінде өткен болатын.