САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарындағы Достастық елдерінің тұрақты өкілдері кезектен тыс мәжілісте Гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басымдық шаралардың 2011-2012 жылдарға арналған жоспарының жобасын мақұлдап, құжаттың әрі қарай Достастықтың жоғарғы органдарының мәжілістерінде қаралуы жолындағы процедуралық тосқауылды алып тастады.
Достастықтың Атқарушы комитетінен хабарлағандай, Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Комитеттегі ресейлік төрағалықтың бастамасымен өтті.
Сарапшылардың пайымдауынша, бұл жоспар Достастықтың гуманитарлық саладағы іс-қимылдарын үйлестірудің тиімді тетігіне айналады.