Мәжілістің күнтәртібіне қылмыспен, адамдарды құлдыққа сатумен күресуге, Интерполмен өзара іс-қимылдарға, адамның құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты мәселелері қойылып отыр. Министрлер сондай-ақ дактилоскопиялық мәліметтер базаларының және телекоммуникациялық байланыс жүйелерінің автоматтандырылған біртұтас желісін құру мәселесін де талқыламақ.
Отырысқа ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Тоқтасын Бұзыбаев қатысады деп жоспарланып отыр.