ТМД елдерінің премьер-министрлері Душанбеде бас қосады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД мемлекеттерінің үкімет басшылары 1 маусымда Тәжікстан астанасы Душанбеде бас қоспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«1 маусымда Душанбеде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді», - делінген ТМД Атқару комитетінің аңдатпасында.

Еске салайық, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің бұған дейінгі отырысы Ташкентте 2017 жылы 3 қараша күні өтті. Онда Достастық елдерінің өзара интеграциялық қарым-қатынасының кең ауқымды сұрақтары талқыланған еді. Отырысқа қатысушылар халықаралық картельдерге тиімді қарсы тұру үшін әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін шоғырландыру жөніндегі ТМД-ға мүше елдер үкімет басшыларының мәлімдемесін қабылдады. 

Үкімет басшылары кеңесінің отырысы жылына екі рет өткізіледі, кезектен тыс отырыс мүше мемлекеттердің ішіндегі кез келген үкіметтің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар