ТМД елдерінің төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім ратификацияланды
18:40, 22 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.