ТМД елдерінің Жеңіс эстафетасы Алтай өлкесіне жетті

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған ТМД елдерінің Жеңіс эстафетасы бүгін Алтай Республикасынан Алтай өлкесіне келеді, деп хабарлайды «Маяк» радиосы. Эстафетаның басты символы - 45 сантиметрлі оқтұмсықтың гильзасы,

Таулы Алтайда өлкелік шекара басқармасының қызметкерлерінің қолына табыс етіледі. Алтай өлкесінің орталығы -Барнаулға Эстафета сейсенбі күні жетеді. Бұл күні Барнаулда Барнауыл Шекара отряды шекарашыларының, әскери-патриоттық клубтардың курсанттарының, казактар мен кадеттердің қатысуымен салтанатты жиналыс өтеді.

Құрамына 20 адам кірген эстафеталық топ одан кейін Қазақстанмен шекаралас Змеиногорск қаласына аттанады. Алтай өлкесінен кейін Жеңіс эстафетасы Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне аттанады.

Жеңіс эстафетасы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен Достастық елдерінің шекараларының бойымен өтеді. Патриоттық акция ақпанның 2-сінде ТМД-ның батыс шекарасында - Беларусь елінің Гродно қаласы мен Ресейдің Мурманск қаласында басталған болатын. Эстафета екі бағыт бойынша өтуде, біріншісі - Беларусь, Украина, Молдова, Ресей, Армения арқылы, екіншісі - Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Әзірбайжан елдерінің шекаралары арқылы.