«ТМД елдерінің Жеңіс эстафетасы» Қырғызстанға жетті

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Шекарашылар Достастық елдерінің сыртқы шекаралары бойынша өткізіп отырған «ТМД елдерінің Жеңіс эстафетасы» акциясы Қырғызстанға жетті. Жеңіс символы болып табылатын арнайы кубокты

Қырғызстан шекарашыларына қазақстандық әріптестері табыс етті. Акцияны ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қырғыз шекарашылары Жеңіс Эстафетасын мамырдың 7-сінде Қызыл-Арт асуында тәжік әскерлеріне табыс етеді.

Естеріңізге сала кетейік, «ТМД елдерінің Жеңіс эстафетасы» ақпанның 2-сінде екі бірдей қалада: Беларусь елінің Гродно қаласында және Ресейдің Мурманск қаласында басталған болатын. Қырғызстан, Ресей мен Қазақстанның бірқатар қалалары арқылы жүріп өткен эстафетаның екінші бағдарында орналасқан. Эстафета жүріп өткен жолдарда ардагерлерге құрмет көрсетілді, салтанатты жиындар өткізілді, шекарашылардың бауырлас зираттарына гүл шоқтары қойылды, сондай-ақ шекарашылардың ерліктері туралы баяндалған ерлік сабақтары өткізілді.

Жеңіс эстафетасы мамырдың 28-інде Мәскеуде Тағзым ету төбесінде аяқталады.