Бұл байқауды ТМД елдері азаматтық авиациясының әуежай қауымдастығы жыл сайын өткізеді. Биыл Ресей астанасы Мәскеуде қауымдастық мүшелерінің жыл сайынғы есеп беру кездесуінде Минск әуежайына былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «ТМД-дағы үздік әуежай» кубогы табыс етілді.
Бұл туралы ақпарат Минск ұлттық әуежайының ресми сайтында жарияланды.
Айта кетейік, Минск әуежайы ұшақтардың уақтылы ұшуы бойынша әлемдегі ТОП-5 әуежайдың қатарына кіреді. Мұнда ұшу рейстерінің 92,35 пайызы кестеге сай орындалады.