«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен ТМД саммиті атынан Өзбекстанға көңіл айту нотасы жолданды», - деді жиынға төрағалық етуші Алмазбек Атамбаев.
20:27, 16 Қыркүйек 2016
ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысы бір минут үнсіздікпен басталды
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Өзбекстан президенті Ислам Каримовті мемлекет басшылары ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Мәдибек Жәнібеков хабарлады.