ТМД мемлекет басшыларының келесі кеңесі алдағы жылдың қыркүйегінде Қырғыз елінде өтеді - С.Лебедев
«Бүгінгі бір ерекше айтулы отырыс өтті. Онда мемлекет басшылары әріптестік жөнінде ашық түрде пікір алмасты. Сондай-ақ, Мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемелер, Чернобыль АЭС-індегі апаттың 30 жылдығымен байланысты маңызды үндеу қабылдады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, алдағы жылы ТМД мемлекет басшыларының кеңесін 2016 жылдың 16-шы қыркүйегінде Қырғыз елінде өткізуді шешіп отырмыз», - деді Сергей Лебедев. Сонымен қатар, кеңесте Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Иващенко осыдан 30 жыл бұрын орын алған Чернобыль апаты жөнінде айтып өтті. Айта кетейік, кеңеске Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Серж Саргсян, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан Министрлер кабинетінің төрағасы Сатлық Сатлыков, Украинаның Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник және ТМД Атқару комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысуда.