Бұл жайлы ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары - атқарушы хатшысы Виктор Гуминскийге сілтеме жасап БЕЛТА хабарлады.
Мәлімдемені Сочидегі саммитте қабылдау жоспарлануда. В. Гуминскийдің айтуынша, отбасы институты мен дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі мәлімдеме алдағы саммитте қаралатын маңызды құжаттардың бірі.
Еске сала кетейік, 11 қазанда болатын Сочидегі саммитте ТМД Мемлекеттер басшыларының кеңесі 20-ға жуық мәселені қарайды. Соның ішінде Ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта қолдану саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Достастық Конвенциясының жобасы да талқыланады.