ТМД мемлекеттерінің Үкімет басшылары Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралардың жоспарын мақұлдады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 21 қараша. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда ТМД мемлекеттері Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Үкімет басшылары 1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқы жеңісінің 70 жылдығын тойлауға байланысты негізгі шаралардың дайындығы бойынша жобаның жоспарын мақұлдады», - деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге өзге де бірқатар құжаттардың жобалары бойынша шешім қабылданды: 2009 жылдың 20 қарашасынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі тауарлардың шығу жерін анықтайтын ережелер туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды, 2020 жылға дейін туризм саласында ТМД-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығын дамыту Стратегиясы, ТМД-ға мүше мемлекеттердің қайта жаңартылған энергия көздерін пайдалану саласындағы Тұжырымдамасы және оны жүзеге асырудағы бірінші кезектегі шаралар жоспары бекітілді.

Достастық елдерінің арасында ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету саласындағы Келісімге, ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы мамандарды дайындау, кәсіби дайындықтан өткізу мен қайта даярлау мемлекетаралық жүйесін құру мен дамыту Тұжырымдамасы және басқа да маңызды құжаттарға қол қойылды.

2020 жылға дейін ТМД-ға мүше мемлекеттердің энергия ресурстарын тұтыну және өндіру жоспары мақұлданды.

Бұдан бөлек, Достастықтың бюджеттік-қаржылай және ұйымдастыру мәселелері бойынша мәселелері қарастырылды.

Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2014 жылы 30 мамырда Киев (Украина) қаласында өткізу жоспарланып отыр.