РИА Новости хабарлағандай, форум аясында 2012 жылғы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының және Сочидегі 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының презентациялары ұсынылатын болады.
Мамандар спортшылардың медициналық дайындығы мен ұлттық допингке қарсы бағдарламалары туралы баяндамаларын ұсынады.
Форум аясында 13 қарашада Александр Спендиарян атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрында Армения ҰОК 20 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылады.