Отырысқа ұйымға мүше мемлекеттер мен ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты. Оның барысында сарапшылар «Достастық» кинофестивалін ұйымдастыру туралы ұсынысты талқылап, іс-шараның жобасын келісті. Енді тиісті бастама ТМД үкімет басшылары кеңесінің қарауына енгізіледі.
Айта кетейік, ТМД аясында кинофестивальдер өткізуді Қазақстан тарапы ұсынған болатын. Бұл — ұйымға мүше мемлекеттердің кинематография саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға және ұлттық туындыларды насихаттауға ықпал етпек.
Бұл ретте аталған іс-шараны екі жылда бір рет кезекпен әр мемлекетте өткізіп тұру жоспарланып отыр.
Сарапшылар отырысында мәлім болғандай, ТМД аясындағы алғашқы кинофестивальді Қазақстанда ұйымдастыру көзделген.
Еске салайық, таяуда ТМД штаб-пәтерінде сарапшылардың қатысуымен «ТМД » форматын құру мүмкіндіктері талқыланған болатын. Бұл бастаманы да қазақтандық тарап ұсынған болатын.
Қоса кетсек, биыл 28 сәуірде Өзбекстан астанасында ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы өтеді.