«1991 жылы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Алматы қаласында қазақстандық тараптың бастамашылық етуімен өткен бұрынғы КСРО құрамында болған 11 мемлекет басшысының кездесуіне қатысты, - деп жазылған видеоға қосымша пікірде. - Кездесу қорытындысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Хаттама мен Келісімге; Алматы декларациясына; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үйлестіруші институттары туралы келісімге; Тәуелсіз мемлекеттер басшылары жиналысы туралы Хаттамаға; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің шешіміне қол қойылды».
16:17, 21 Желтоқсан 2016
ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойылған тарихи кездесу бейнеленген видео жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында 1991 жылы 21 желтоқсанда 11 елдің басшылары бас қосқан тарихи кездесу туралы видео жарияланды.