Іс-шаралардың негізгілері 2011 жылы өткізілетін болады, негізгі жобалар арасында «ТМД - 20 жыл» атты Мемлекетаралық көрме бар. Көрмені Мәскеудегі Бүкілресейлік көрме орталығында 2011 жылғы 24 маусым мен 2 шілде аралығында ұйымдастыру көзделген, деп толықтырды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.
11:23, 15 Қараша 2010
ТМД-ның 20 жылдығына арналған іс-шаралар дайындығы мен олардың жүзеге асырылу барысы Санкт-Петерборда қаралатын болады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 15 қараша. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - 19 қараша күні Санкт-Петерборда өтетін Достастықтың үкімет басшылары отырысында ТМД-ның 20 жылдығына арналған іс-шаралар дайындығы мен олардың жүзеге асырылу барысы қаралатын болады.